Бүгін 1 қазан күні Аудан орталығында Бәйтерек ауданының ауыл шаруашылығы күні өтті.
Іс-шараға облыс әкімі Ғ.Есқалиев қатысып, сала қызметкерлерін мерекемен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласының үздіктерін марапаттады. Сондай -ақ, ауыл шаруашылығы күні аясында дала қызықтары оздырылды.
Топ бәйге, Арба жарыс, Түйе жарыс, Теңге ілу, қыз қуу, аударыспақ, қазақ күресі және Аламан бәйгеден жарыстар болып, облысымыздың аудандары мен Атырау, Маңғыстау облыстарының адамдары қатысты.
Ауыл шаруашылығы күні аясында жергілікті шаруа қожалықтарының өнімдері арзандатылған бағада сатылды.