Қадірлі қариялар, абыз ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер.

Қадірлі қариялар, абыз ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер.
Қадірлі қариялар, абыз ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер.
Баршаңызды халықаралық қариялар күнімен құттықтаймын!
Біз, әрқашан «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз.
Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген.
«Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек. Сіздер сабырлылық, қарапайымдылық қасиеттеріңізбен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер. Қоғамның тұтастығы, елдің бірлігі мен берекесінің берік ұйытқысы болған әр қариямызға құрмет көрсетіп, қамқорлық білдіру біз үшін абыройлы міндет.
Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін!
Құрметпен, Бәйтерек ауданының әкімі М.Тоқжанов