Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!

Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!
Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!
Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
​Жаңа оқу жылына аудан үлкен дайындықпен келді.
Бәйтерек ауданы бойынша 2022-2023 оқу жылын 46 күндізгі, 1 кешкі-ауысымды мектеп, 8 мемлекеттік балабақша, 4 қосымша білім беру орталығымен бастайды. Оқу жылы табысты болсын.
​2022 жылы 1-сыныпқа 1084 бала қабылданды. (Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын сыныптарға – 583, орыс тілінде – 501). Биыл жалпы оқушы саны - 9692 баланы құрайды. Алғаш мектеп табалдырығын аттайтын балғындарға ақ жол тілейміз.
​Аудан мектептерінде 2005 педагог жұмыс жасайды.
Жаңа оқу жылына дайындық бойынша білім беру ұйымдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 10 млн қаражат бөлініп, мектептер ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша:
Рубежин мектебіне – 394,4 млн. тг бөлінді, жөндеу жұмыстары жүруде.
Егіндібұлақ мектебіне – 265,8 млн.тг бөлінді, жөндеу жұмыстары аяқталды.
Чувашка мектебіне – 362,6 млн. тг бөлінді, жөндеу жұмыстары жүруде.
Раздольный мектебіне – 261,1 млн. тг бөлінді, жөндеу жұмыстары жүруде.
«Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп» деп бекер айтпаған дана халқымыз.
Білім ˗ адамзаттың көрсеткіші, айнасы. «Мен де болашақта өз елімнің өркендеуіне, дамуына білімімді жұмсауға талпынатын боламын» деген жас өрендеріміздің талаптарына нұр жауып, зейіндері ашылсын дейміз.
Білім күні құтты болсын!
Құрметпен,
Бәйтерек ауданының әкімі М.Тоқжанов