Бүгін аудан әкімі М.Тоқжанов Егіндібұлақ ауылының ЖОББМ алғашқы қоңырау шарасына қатысты. Аталмыш білім ошағы биыл күрделі жөндеуден өтіп, жаңа оқы жылында балалар үшін есіктерін ашты.
Аудан әкімі білім күнімен құттықтап, мектептің құрылысына қызмет еткен барша азаматтарға алғысын білдірді. Мектеп табалдырығын аттағалы тұрған балапандарға сәттілік тілеп, ұстаздар қауымына жаңа оқу жылында толағай табыстар тіледі.