Қуанышты жаңалық!

Қуанышты жаңалық!
Қуанышты жаңалық!
Білім саласына қатысты ата-аналар әрдайым көтеріп жүрген сұрақтардың бірі - балалар тасымалы. Автобустар ескі болып, істен шығып жатады. Ол сабақ процесіне әсер етеді. Міне оқылықтың алдын алу мақсатында бүгін облыс әкімдігінің қолдауымен жаңа оқу жылы қарсаңында ауданымызға су жаңа 2 автобустың кілті табысталды.
Бірі Трекин ауылындағы Қадыр Мырза Әли атындағы мектебіне болса, бірі аудан орталығындағы Қасым Аманжолов атындағы мектепке бұйырды.
Алдағы уақытта бүлдіршіндеріміз таза, әрі жылы - бастысы қауіпсіз көліктермен қатынайтын болады.