Кеше Орал қаласындағы "Атамекен" өнер ордасында "Тіл - тұтастық туы" атты жалпыхалықтық тіл фестивалі өтті. Іс-шара ұлтымыздың рухани ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына және Қазақстан халқының тілдері күніне оздырылған. Аталмыш шарада аудан әкімінің орынбасары Е.Бисақаев аудандағы ономастика мәселелеріне қосқан үлесі үшін облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, жыл басынан ауданымызда 3 ауылдық округ пен 7 ауылдың атауы өзгертілді.