Құрметті жерлестер!
Кеше аудан орталығында аудан жастарының бастамасымен пікірсайыс оздырылды.
11 қыркүйек өтетін Переметный ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде тіркелген азаматтардың арасында. Бұндағы басты мақсат - халықтың сайлау процесстеріне кеңінен қатысуына мүмкіндік беру. Осы жолы пилоттық жоба ретінде басталған пікірсайыстың, алдағы уақытта ауқымы кеңейіп, ауыл тұрғындары көбірек қатысады деп сенеміз. Ауданымызға қарасты басқа ауылдық округтерде өтетін сайлауларда осы пікірсайыс форматын қолдану жөнінде шешім қабылданды. Бұл да бір ашықтық принципін және халықтың белсенділігін арттырады деп ойлаймыз.
Құрметті аудан орталығының тұрғындары!
11 қыркүйек күні өтетін Переметный ауылдық округі әкімінің сайлауына қатысуға шақырамыз!
Шын мықты жеңіске жетсін!