Жуырда Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің сайлауы болған еді.

Жуырда Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің сайлауы болған еді.
Жуырда Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің сайлауы болған еді. Нәтижесінде үш кандидаттың ішінен «АМАNАТ» партиясының аудандық филиалынан ұсынылған Алексей Герасимов 57,80% сайлаушылардың дауысын алып, жеңіске жетті. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 13 қыркүйектегі шешімімен ол Переметный ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Соған орай бүгін аудан әкімі Марат Тоқжанов ұжымға жаңа әкімді таныстырды. Жаңа басшыға сәттілік тілеп, аудан орталығының дамуына қатысты бірқатар тапсырмаларды анықтады.