Аудандық жұмыспен қамту орталығына жаңа басшы тағайындалды.
Аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев бұған дейін осы мекемеде сектор меңгерушісі болған Нұрсәуле Есенғалиеваны ұжымға таныстырды.
Нұрсәуле Әуелбекқызы 1992 жылы Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы экономист. Еңбек өтілі он бір жыл. Еңбек жолын 2011 жылы Зеленов ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөілімінің статисті болып бастаған. Сосын аудандық жұмыспен қамту орталығында бас маман, Орал қалалық жұмыспен қамту орталығында маман, 2020 жылдан бері аталмыш мекеменің сектор меңгерушісі қызметін атқарып келді.
Жаңа қызметіңізге сәттілік тілейміз!