Кеше ауданда волейболдан жастар арасында басталған турнир қорытындыланды.
Жеңімпаздарды аудан әкімінің орынбасары Е.Бисақаев құттықтап, дипломдармен сыйлықтарын табыстады.
- Аудандағы волейбол ойындары жастардың сүйікті ойындарына айналып үлгерді. Әр ауылдың құрама командалары жасақталып, облыс деңгейінде жүлделі орындарға ие болып жүр - деді әкім орынбасары.