2022 жылдың 18 тамыз күні өндірістік және әлеуметтік нысандарды 2022-2023 жж. күзгі-қысқы кезеңге дайындау бойынша штабтың көшпелі отырысы өтті.
Сапар барысында штаб мүшелері аудан орталығында орналасқан әлеуметтік нысандардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысымен танысты. Осы мақсатта аудандық ауруханада, "Бәйтерек ауданының БЖСМ" КММ ( дене шынықтыру-сауықтыру кешені), "Каменская ЖОМ" КММ, "Каменская ЖОМ" КММ интернаты, Бәйтерек ауданының колледж, Калинин а. ауылдық клубы, АМҮ (аудандық мәдениет үйі), "Переметный ЖОМ" КММ, "ТКШ бөлімі" ММ, Бәйтерек ауданының ЖК және АЖ, "Қ. Аманжолов атындағы мектеп" КММ болды.
Штаб мүшелері нысандарды аралау нәтижелері бойынша қазандықтарды жылыту маусымына дайындау кезінде белгілі бір кемшіліктерге назар аударды.
Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары - штаб төрағасы М.Д. Залмуканов әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы бойынша жұмысқа баға беріп, оларды орындау бойынша тапсырмалар берді.