Кеше Спорт күніне орай Орал қаласында өткен "Жайықтың арыстары - қазақтың барыстары" атты Қазақ күресінен республикалық турниріне ауданға қарасты Дариян ауылдық округінің әкімі Т.Кәкенов қатысып, 82 келі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.
Байрақты бәсекеде аудан намысын жоғары көтерген әріптесімізді құттықтай отырып, жеңісті күндері көп болсын дейміз! Халқына жақын әкім ғана болып қоймай, спортты серігі еткен әріптесімізге мықты денсаулық, отбасы амандығын,
табыстың берекелігін тілейміз

Жеңіс құтты болсын, жерлестер!