Аудан әкімі А.Шахаровтың есептік кездесуі Макаров ауылдық округінде жалғасты.

Аудан әкімі А.Шахаровтың есептік кездесуі Макаров ауылдық округінде жалғасты.

Ауданды дамыту бойынша қойылған мақсаттарды еңсеруде атқарылған жұмыстар жайын баяндаған аудан басшысы 2020 жыл міндеттеріне тоқталды. Ауданның даму жоспарына енген көрсеткіштерге жетуде барлық мүмкіндіктер бар. Сәйкесінше халыққа жаңа жұмыс орындары ұсынылмақ.

Жиында есеп берген Макаров ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Еркін Әбілкәкімов жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Картоп өсірумен аймаққа танылған округтің 2019 жылы өзге салаларда табысы артқан. Мал басында өсім бар. Кәсіпкерлікке ниеттенген тұрғындар жеңіл несие алып, өз істерін ашқан. Округтегі негізгі мәселе инфрақұрылым жайы. Мирное елді мекенін газдандыруға жобалық-сметалық құжаттары дайын тұр. Тұрғындар Садовое ауылына ауыз су құбырын тарту, округ орталығына клуб ғимаратын салу мәселесін көтерді. Өз сөзінде аудан әкімі барлық сұрақтар мен ұсыныстардың ескерусіз қалмайтынын жеткізді.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок