Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен аудан әкімі Асхат Шахаровтың елмен есептік кездесуі өтті.

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен аудан әкімі Асхат Шахаровтың елмен есептік кездесуі өтті.

Алдымен өңір басшысы мемлекеттік "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынған 2 қабатты 12 пәтерлік екі тұрғын үйдің ашылу рәсіміне қатысты.
Пәтер кілттері аудандағы көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға табысталды.
Құрылысын "Жалпақтал Су" ЖШС жүргізген үйлердің жалпы ауданы – 1576,6 шары метр. Жоба құны - 207 млн теңге.
Өткен жылдың қыркүйек айында ауданда 23 бір қабатты бір пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, көп балалы отбасы қоныстойын тойлады. Осылайша 47 отбасы баспаналы болды. Отбасылардың қуанышымен бөліскен өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы әр шаңыраққа бақ-береке тіледі.