Қоғамдық қабылдау жүргізді

Қоғамдық қабылдау жүргізді

Бүгін аудандық тарихи-өлкетану музейінде аудан әкімі Асхат Шахаров, аудан прокуроры Данияр Төлегенов және мекеме, бөлім басшылары қоғамдық қабылдау жүргізді.

Мемлекеттік органдардың халықпен ашық байланысын қамтамасыз еткен қоғамдық қабылдауға "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында Мичурин, Макаров, Достық ауылдық округінің тұрғындары "скайп" жүйесі арқылы қосылып, аудан әкіміне сұрақтарын жолдады. Аталмыш ауылдардан 3 тұрғын байланысқа шықса, тағы 9 адам қоғамдық қабылдау барысында жеке баспана, шаруашылық жүргізу мақсатына жер телімі, тұрақты жұмысқа орналасу сияқты мәселелер көтеріп, жауап алды.