Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Н.Төреғалиев, Л.Рысбекова және облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева ауданға жұмыс сапармен келді. Переметный, Белес, Дариян ауылдарында халықпен кездесіп, әлеуметтік нысандардың күрделі жөнделуі, жол құрылысымен танысты. Кездесу барысында тұрғындар мектептерді күрделі жөндеу, ауылішілік жол салу, абаттандыру, азық-түлік бағасының өсуі мәселелерін көтерді. Белестік тұрғындар Сенаторлардан ауыл аумағында жұмыс жасап тұрған ірі компаниялар төлейтін салығынан белгілі бөлігін ауданға қалдыру тетігін қарастыруды сұрады. Дарияндық ардагерлер бұрынғы Приурал ауданын қайта құруды ұсынып, пікір алмасты. Әр мәселеге жан-жақты жауап берген депутаттар ауқымды мәселелер үкімет деңгейінде қаралып жатқандығын жеткізді.