Халықты жұмыспен қамту орталығы Махамбет және Трекино ауылдық округтерінде кездесулер ұйымдастырды

Халықты жұмыспен қамту орталығы Махамбет және Трекино ауылдық округтерінде кездесулер ұйымдастырды
Кеше Халықты жұмыспен қамту орталығы Махамбет және Трекино ауылдық округтерінде ауылдағы су құбырының құрылысы, елді мекеннің ішкі тас жолдарын күрделі жөндеу, Жайык елді мекенінің жолды орташа және күрделі жөндеу, Володарское ауылындағы тұрғын үй массивін газбен қамту жобаларына жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша кездесулер ұйымдастырды . Кездесуге "ДСК Приоритет" ЖШС, "Danday sauda" ЖШС, мердігерлік ұйымдарының өкілдері, аудан әкімінің орынбасары Е.Бисақаев, халықты жұмыспен қамту орталығының директор А.Герасимов және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының басшысы А.Карткужакова қатысты.
Ағымдағы жылы ауданда 31 жобаға 177 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінгі күні 20 жоба іске асырылуда 42 адам жұмысқа орналастырылды. Кездесудін негізгі мақсаты жергілікті тұрғындарды жүзеге асырылып жатқан жобаларға жұмысқа орналастыру мәселесі болды. Кездесу қорытындысы бойынша барлық ниет білдірушілер жобаларға жұмысқа орналастырылатын болады.