
Кеңесте аудан әкімі Асхат Шахаров ауданды әлеуметтік-экономикалық дамыту бағытындағы жұмысы туралы есеп берді. Ауданда 2019 жылға межеленген көрсеткіштер орындалып, мемлекеттік бағдарламалар табысты іске асқан. Агросалада мемлекеттің қолдауымен ауыл шаруашылық өнім көлемі ұлғайды. Аудан экономикасының өсіміне тікелей әсер етуші шағын және орта бизнес қарқын алды. Өзге де салаларда атқарылған жұмыстарды шолып өткен аудан басшысы жыл бойы өзара түсіністікте әрекет етіп, әр бастамаға қолдау танытқан қоғамдық кеңес ұжымына ризашылығын білдірді.
Кеңес отырысында аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмағұлов пен қоғамдық кеңес төрағасы М.Өтешев өз пікірімен бөлісті.
Кеңес отырысының қорытындысында аудан әкімі А.Шахаровтың ауданды әлеуметтік-экономикалық дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, қоғамда демократиялық үдерістерді іргелілендіру туралы есебі оң бағаланды.

