Барша мұсылман баласының ұлық мейрамы Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Жаратушының Өзі қадірлі мейрам етіп бекітіп берген айт меркесінің қоғамды жақсылық пен ауызбіршілікке, татулық пен ынтымаққа тәрбиелеуде орны бөлек. Көрші мен дос-жаран, ағайын мен туысқан мәре-сәре болатын мерейлі күндегі барлық ізгі ниеттер қабыл болсын!
Сондай-ақ Жұбан молда мешітінде ұлық мерекеге арналған
"Қазақ күресі", "Сұр мерген", "Асық ату", "Машина тарту" сынды спорттық шаралар өткізіліп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар ауданның әлеуметтік аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға ет үлестіріліп, айттап келген жамағатқа тегін палау мен ыстық шәй ұйымдастырылды.