Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды - Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Домбыра – қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы.
Домбыра- қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы және жай ғана музыкалық аспап емес, одан әлдеқайда биік тұрған киелі құндылық.
Халқымыз домбыраға үкі тағып, төріне ілген, күйшілерді төредей күтіп, төбесіне көтерген. Осы игі үрдіс қазір де жалғасып келеді.
Жоралы жұртымыздың қатпар-қатпар тарихынан, асу да асу кезеңінен сыр шерткен күй-толғау, сыңғырлы сұлу ән-әуен құлағымыздан кетпесін, халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – Домбыра төрімізден түспесін!
Ұлттық домбыра күні - руханиятымыздың әдемі көрінісі.
Баршаңызды тағы да Ұлттық Домбыра күнімен құттықтай отырып, бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілеймін.
Құрметпен, Бәйтерек ауданы әкімі М.Тоқжанов