Бүгін ауданда референдумды өткізуге атсалысқан бірқатар азаматтар марапатталды. Белсенділер мен штаб мүшелеріне, референдум комиссиясының мүшелеріне және бірқатар мемлекеттік қызметшілерге ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың, "Amanat" партиясының басшылығының, облыс әкімі мен аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.
Сөз алған аудан әкімі референдум нәтижелеріне тоқталып, ұйымдастыруға қатысқан әр азаматтың елеулі үлесі бар екенін айтты. Сондай ақ салтанатты шара барысында Мырзағали Сатыбалдыұлы Дюсембеев жерлесіміз «Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс-қимылдарының ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, полковник Е.Ж.Алданазаровтың бұйрығына сәйкес «Қазақстан патриоты» төсбелгісімен марапатталды.