Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!
Құрметті әріптестер!
Баршаңызды бүгінгі мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Мемлекеттік қызмет – халықтың сенім үдесінен шығу, үмітін ақтау, ісіңе адалдық таныту.
Біз "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" ұстанымын іске асырушы, аса жауапты сала мемлекеттің идеясы мен саясатын ілгерілетуші мамандармыз. Сондықтан да мемлекеттік қызметші болу – мәртебелі міндет. Қашан да мемлекеттік қызметшінің басты міндеті туған Отаны мен халқына адал қызмет ету.
Бәйтерек ауданында атқарылып жатқан шаруалар мен ірі жобалардың тиянақты орындалуында әрқайсымыздың ауқымды үлесіміз бар деп есептеймін.
Бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын. Отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Құрметпен, Бәйтерек ауданының әкімі М.Тоқжанов