Бүгін ауданда 23 маусым ҚР Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты шара өтті. Іс-шарада сөз алған аудан әкімі мемлекеттік қызметтің үлкен жауапкершілік жүктейтінін, ол үшін біраз тәуекелге бару керек екенін сөзге тиек етті. Мемлекеттік қызметтің табалдырығын енді аттаған бірқатар қызметшілер ант қабылдап, есепті кезеңде қарқынды жұмысы мен табандылығын көрсеткен мемлекеттік қызметшілер облыс, аудан әкімінің және сала кәсіподағының құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды.
Қашан да жүгі ауыр қызметті абыроймен алып жүрер әріптестерімізді мерекемен құттықтаймыз!