Бүгін ауданда мемлекеттік қызметшілер арасында "BRAIN RING" командалық интеллектуалдық ойыны оздырылды. Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған тапқырлық додасында
жас мемлекеттік қызметшілер аудан тарихын зерделеп, білім сынында бақ сынады.
Бай тарихы бола тұра басы бүтін энциклопедиясы жоқ ауданда тыңғылықты зерттеуін күтіп тұрған тарихи деректер жетерлік. Түртсең түйдек-түйдек дерек сауғалайтын тың тақырыптарға қызығушылық танытқан жастар ойын ауқымын кеңейтіп, дәстүрлі ұйымдастырылуын сұрап жатты.
Білім додасын көшпелі ұйымдастырып, жыл соңында қорытындылау ұсынылды.
Ойын қорытындысы бойынша "Бәйтерек" командасы жеңіске жетті.