Биыл Қазақстан Полициясының құрылғанына тура 30 жыл.

Биыл Қазақстан Полициясының құрылғанына тура 30 жыл.

Биыл Қазақстан Полициясының құрылғанына тура 30 жыл. Мерейлі мерекеге орай Бәйтерек ауданында Полиция бөлімінің қызметкерлері мен сала ардагерлері қатысқан салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Полиция қызметкерлері әр күн сайын, ыстық пен суыққа қарамай ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтауға елеулі еңбек сіңірумен келеді.
Салтанатты іс-шараға БҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры М.Аблазимов, аудан әкімі М.Тоқжанов, аудандық мәслихат хатшысы Н.Хайруллин арнайы шақырылған. Департамент бастығы бір қатар азаматтарға Полиция қызметіне жасаған қолдауы үшін, арнайы төсбелгімен, алғыс хаттармен марапаттап, бірқатар қызметкерлерге шен табыстады. Аудан әкімі ішкі істер органдарының ардагерлерін, бүгінде сапта жүрген, полиция қатарына жаңадан қосылған қызметкерлерге алғыс хатын беріп, сәттілік тілеп, ыстық ықылас, игі тілектерін жеткізді. Сондай ақ қызмет барысында қаза болған жауынгерлердің отбасына құттықтау хаттары табысталды.
Мерекелік жиын көркемөнерпаздардың әуелеген ән, күмбірлеген күйімен жалғасты.