Бүгін ауданда Медицина қызметкерлерінің күні атап өтілді.
Аудандық клуб залына жиналған ақ халатты абзал жандарды құттықтауға аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлыбек Хайруллин келді.
Бірқатар қызметкерлерге төсбелгі мен алғыс хаттар және гүл шоқтары табысталды. Сондай ақ жас медицина қызметкерлері сала ардагерлеріне құрмет көрсетіп, мерекемен құттықтады.
Медицина саласына көрсеткен қолдауы үшін аудандық мәслихат хатшысы Нұрлыбек Хайруллин аудандық аурухана директорының қолынан "Еңбек үздігі" төсбелгісімен марапатталды.