Бүгін аудан әкімі жас спортшыларды қабылдады.
Бәйтерек ауданы тарихында биыл тоғызқұмалақтан жас спортшы қыздар жүлделі орындарға ие болды. Қазақстан Республикасы чемпионатына облыс намысын қорғап қатысқан 9 жас қыздар арасында Батуллина Мөлдір бас жүлдеге ие болса, 11 жасар Мұғал Назерке күміс жүлдені қанжығасына байлады. Аудан әкімі жас чемпиондарды қабылдап, ақ жол тілеп, тәрбиелеген жаттықтырушы мен ата-аналарына алғысы білдірді.