Бүгін Бәйтерек ауданында мектеп бітіруші түлектерге мемлекеттік аттестаттар табысталды.
Аудан бойынша 2021-2022 оқу жылында 30 орта білім беретін мектепте бітірушілер саны – 442 түлек. Ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп түлектерінің 335 -і қатысқалы отыр. Бүгін 21 түлек «Алтын белгі», 10 түлек «Үздік аттестат» иегері атанды.
Аудан әкімі Марат Тоқжанов аудан орталығы мен Дариян ауылдық округтерінің мектеп бітіру кешіне арнайы қатысты. Бітіруші түлектерге жүрекжарды тілегін білдіріп, ата-аналарын құттықтады. Оқу жылын абыроймен аяқтаған ұстаздар қауымына алғысын білдірді.
Іс-шара дәстүрлі түлектер вальсімен жалғасып, түлектер мен ата-аналардың құттықтауына ұласты.
Ақ жол, жас түлек!