Аудан әкімінің сапары әрі қарай Рубежин ауылдық округінде жалғасты. Ол жерде су құбырының құрылысымен, Чиров, Чеботарев, Раздольный, Чувашка, Макаров, Октябрьский, Махамбет ауылдық округтеріне кіреберіс жолдардың жөндеу жұмыстарымен танысты.
Сондай ақ Махамбет ауылындағы су құбырын өткізу жұмыстарының барысы қаралды.