Бүгін аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мичурин ауылдық мәдениет үйінде "Жастар жаңа Қазақстан үшін!" атты жастар форумы өтті.
Форум – жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер, жастар саясатын тиімді іске асырудың тиімді тетіктері жөнінде және 5 маусымда өтетін референдум өзгерістері жайлы болды. Бұндағы мақсат – жастардың азаматтық таңдау жасауы үшін, ашық түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Форумға әр салада жоғары жетістіктерге жеткен жігерлі жас спикерлер қатысты.
ҚР Конституциясына енетін өзгертулер мен түзетулерді түсіндіретін облыстық штаб мүшелері тек референдум жөнінде айтып қоймай, жастар арналған жаңа трендтермен, жаңа мамандық түрлерімен, кәсіп ашу, белсенді болудың қыр сырларымен бөлісті.
Армат, форум қатысушысы: Форум маған ұнады. Сөз сөйлегендер жақсы таңдалған деп есептеймін. Шынында біз біліп, бірақ көңіл аудармайтын нәрсе көп. Өзгерісті өзімізден бастау керек екенін бүгін тағы бір ұғындық.
Гүлжайна: Референдум жөнінде көп айтылдығой, бірақ өзіңдей жас адамның түсіндіргені көңілге де, ойға да қонымды екен. Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз. Әрине барша жастарды 5 маусымдағы референдумда дауыс беруге шақырамын.