Кеше ауданда 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай кең көлемде "Балғын балалар - біздің болашағымыз" атты мерекелік іс-шаралар оздырылды. Аудан әкімі жиналған бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, жүрек жарды тілегін жеткізді.
Іс-шара барысында балалар арбаларының шеруі, үздік өнерлі жастар концерті, спорттық жарыстар және балаларға арналған қойылымдар болды. Кәсіпкерлердің қолдауымен аудандық жастар ресурстық орталығы балғындарға тегін балмұздақ таратты.