Бүгін ауданымызға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар іссапармен келді.
Үстіміздегі жылдың 5 маусым күні өтетін Референдумды қолдау бағытында аудан тұрғындарымен және білім, мәдениет саласы қызметкерлерімен, сондай-ақ партия белсенділерімен кездесті.
Конституциялық реформалардың бағыттары бойынша түсінік жұмыстарын жүргізіп, кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді. Референдумға бір кісідей белсенді қатысып, дауыс беруге шақырды.
Кездесуге қатысушылар өз кезегінде Президенттің қазіргі таңдағы саясатын қолдайтындықтарын білдірді.