Бүгін жас достарымыздың мерекесі.
Бұл көңілді мереке тек балаларға қуаныш сыйлау ғана емес, қоғамның балаларға толыққанды көңіл бөлу қажеттігін еске салады. Биыл ел Президентінің бастамасымен «Балалар жылы» деп жарияланып, балаларға жан-жақты қолдау шаралары ұйымдастырылуда.
Балалық шақ — көпшілігіміз үшін ең бақытты сәт, біз әрқашан жастық пен балалық шақты ыстық ықыласпен еске аламыз, өткен күндерге сағынышпен сапарлаймыз. Ендеше бүгінгі ұландарымыз үшін де жарқын, риясыз болашақ қалыптастыруға тырысайық.
Болашағымыздың мерекесі құтты болсын, достар!