Бүгін аудан әкімі Марат Тоқжанов Дариян ауылдық округінде болып, мектептің "Сыңғырла соңғы қоңырау" атты салтанатты шарасына қатысты. Кезекті оқу жылында жетістікке жеткен ұстаздар мен оқушыларға мерекелік тілегін жеткізіп, алғыс хаттар табыстады.
Мектеп бітіруші түлектерге - Сіздер еліміздің ертеңін құратын жалынды жастарсыздар. Елімізде биылғы жыл - Балалар жылы деп жарияланған болатын. Бұл ұлтымыздың болашағы – мына сендерге деген қамқор, қолдау және үлкен сенім болып танылады. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз жолдауында айтқандай қазіргі заман мүмкіндіктер заманы, өсемін, білім аламын деген жастарға бүкіл жағдай жасалған - деді аудан әкімі.