Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және түлектер!
Баршаңызды бүгінгі оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл оқу жылы да айтарлықтай жетістіктерімен ерекшеленді. Әр жетістіктің артында ата-аналардың қолдауы, ұстаздар ұжымының адал еңбегі және әр оқушының терең ізденісі тұр. Білім жолындағы табысымыз келер жаңа оқу жылында да жалғасын табады деп сенемін. Ол үшін қолда бар мүмкіндіктер жасалуда. Қазірдің өзінде ауданда екі жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүруде. Ерте көктемде екі мектеп ғимаратын күрделі жөндеуді бастадық. Биыл тағы төрт мектептің құрылысын бастап, тағы екі мектеп ғимаратын күрделі жөндеу жоспарымыз бар.
Балақайлардың жазғы демалысын қызықты ұйымдастырамыз деп ойлаймын.
Биыл білім ұясымен қоштасқалы тұрған түлектерге сәттілік тілеймін.
Құрметті түлектер!
Бүгін Сіздер арман жетегінде сан тарапқа бағыт түзеп, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыңдар. Сіздер еліміздің ертеңіне жауапты тұлғасыңдар. Қазір білім аламын деген жастарға елімізде мол мүмкіндіктер бар. Жаңа Қазақстанның жарқын болашағын жасауға белсенді атсалысып, ата-ананың сенімін ақтаңдар. Әр қадамдарың жақсылыққа, жаңалыққа толы болсын. Сәттілік тілеймін!