Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов және аудандық штаб мүшелері Переметный ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында мал шаруашылығымен айналысып отырған округ тұрғындары мал жайылымдарын көтерсе, кей тұрғындар жарық, су, ішкі жол, бұралқы иттермен күрес және қоқыс шығару мәселелерін көтерді.
Аудан әкімі өз тарапынан ауданның егін шаруашылығына бағытталғанын алға тартып, аудан орталығы тұрғындарының жауапкершілігіне тоқталды.