Бәйтерек ауданында өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңі өткізіледі.
Конкурс 15 мамырдан Халықаралық отбасы күніне орай басталды. Конкурсқа қатысуға өтінім арқылы, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар (үміткерлер) қатысады.
Конкурсқа қатысуға отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді қатысады (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.
2022 жылғы 15 мамырдан бастап 2022 жылғы 15 маусымға дейін Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді аудандық (қалалық) комиссияға қағаз немесе электрондық нұсқада қабылдауды жүргізу. Қабылдаудың соңғы күні – 2022 жылғы 14 маусым.