Кеше аудан әкімі мен аудандық қоғамдық штаб мүшелерінің Дариян және Трекин ауылдық округтерінде халықпен кездесулері өтті.
Дариян ауылдық округі аудан орталығынан батысқа қарай 31 шақырым жерде орналасқан. Округ көлемі 24 мың.га 2022 жылдың 1 мамырға халық саны 6254 адам.
Трекин ауылдық округі аудан орталығынан батысқа қарай 70 шақырым жерде орналасқан. Округ көлемі 20840 га. 2022 жылдың 1 мамырына халық саны 6237 адам.
Ауыл тұрғындары тарапынан мал жайылымдары, интернет, ішкі жолдар, су тарту жағдайлары мен бұралқы иттер мәселелері сөз болды.