Бүгін аудан әкімі Марат Тоқжанов пен аудандық штаб өкілдерінің сапары Раздольное, Чиров, Чеботарев, Сұлукөл ауылдық округтерінде жалғасты.
Ауыл тұрғындары тарапынан жол, интернет, жарық, жайылым секілді сұрақтар көтерілді.
Қоғамдық штаб мүшелері тұрғындарға Конституцияның жаңа жобасын таныстырып, сауалдарына жауап берді.