Бүгін Бәйтерек ауданына іссапармен облыс әкімі Ғали Есқалиев келді.
Іссапар барысында Трекин ауылдық округіне қарасты Жайық ауылында болып, "Батыс Строй монтаж" ЖШС жұмысымен танысты. "Green park" атауымен көпшілікке таныс демалыс орны жазғы маусымға дайындықтары мен алдағы жоспарлары жөнінде баяндады.
Ары қарай іссапар Дариян ауылында жалғасты. Облыс әкімі "Сағынғалиев" ЖК шұжық шығаратын, "Синельников" ЖК шағын наубайхана цехымен танысты.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Дариян ауылындағы су құбырының құрылысын қарады.
Облыс әкімінің сапары ауылдық округ активінің жиынымен аяқталды. Тұрғындар жол, абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту, жарық мәселелерін көтерді.