Бүгін Ұлы жеңістің 77 жылдығына орай аудан орталығының Жеңіс саябағында "Желбіре, Жеңіс алауы" атты митинг ұйымдастырылды. Тыл және еңбек ардагерлері мен ауданның басшылық құрамы қатысқан жиында аудан әкімі Марат Тоқжанов бейбіт күн сыйлаған майдангерлерге құрмет білдіріп, аға буынның өшпес даңқы мен өлшеусіз ерлігіне тоқталды. Шарада сөз алған аудандық қорғаныс бөлімінің басшы орынбасары Бахыт Төреқұлұлы отты жылдар тарихына тоқталып, елімізге жарқын болашақ тіледі. Митинг соңында Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, жеңіс жолында қаза болған жауынгерлерді еске алу рәсімі жасалды.
Одан әрі орталық алаңда жалғасқан мерекелік іс-шарада тыл және еңбек ардагерлері солдат ботқасынан дәм татып, Жеңіс әндерін бірге шырқады.