Аудан әкімі Марат Тоқжанов аудандағы Ұлы Отан соғысының ардагері Старцев Александр Тимофеевичті Жеңістің 77 жылдық мерейтойымен құттықтап, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің құттықтау хаты мен естелік сыйлықтарын табыстады. Отан тағдыры сынға түскен сәтте фашизмнің жолын кескен майдангерлердің өлшеусіз ерлігін атап өткен аудан басшысы ардагерге мықты денсаулық, отбасыларына бақ-береке тіледі. Сондай-ақ аудандық мәслихат хатшысы Нұрлыбек Қажымұратұлы ардагерге алғысын айтып, депутаттық корпустың құттықтауын жеткізсе, Қорғаныс бөлімінің басшысы құттықтау хатын табыстап, офицерлік құрамның атынан мерекемен құттықтады.
Өз кезегінде ардагер зұлмат соғыстан көргенін айтып, естеліктерімен бөлісті. Мемлекет тарапынан көрсетілген қаржылай сыйлық үшін алғысын білдіріп, өскелең ұрпақтың көрсетіп жатырған құрметіне ризашылығын білдірді.