
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылына орай Дариян-Рубежка бағыты бойынша «Дорогой войны» атты автошеруі өтті.

Митингтің басты мақсаты – Ұлы Жеңіске қатысушылардың жүрегіне жалпыхалықтық сүйіспеншілік пен алғыс сезімін жеткізу. Сондай-ақ тірі қалған жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері Старцев Александр Тимофеевичті құттықтау және құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Ғұмарұлы қатысып, сөз алып шараның маңыздылығын сөзге тиек етті.
Автошеру мүшелері ардагерімізге естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын сыйлады.