Бәйтерек ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай, Спорттық каратэдан WKC балалар, кадеттер және жастар арасында Батыс Қазақстан облысының ашық турнирі өтті.
Турнирге ауданның ауылдық округтерінің, Орал қаласының, Тасқала ауданы және Ресей Федерациясының Чебоксары қаласынан командалар келіп қатысты.
Жеңіске жеткен жеңімпаздарды аудан әкімдігі атынан аппарат басшысы Нұржан Дүзбатыров құттықтады.
Турнирге арнайы Бүкіләлемдік Каратэ конфедерациясының жоғары санатты төрешісі, 6 ДАН қара белбеу Алман Тимофеев шақырылды. Ол бір күн бұрын жас спортшыларға техникалық семинар өткізіп, спорттың қыр-сырымен бөлісті. Өз кезегінде Алман Тимофеев тамыз айында Чебоксары қаласында өтетін әлемдік додаға біздің спортшыларымызды қатысуға шақырды.