
Аудан әкімі Марат Тоқжанов Дариян ауылдық округінде мекеме басшыларымен кеңес өткізіп, Дариян ауылын абаттандыру, мерекелерге дайындық, алда атқарылатын жұмыстар бойынша ауыл әкімінің есебін тыңдады. Сондай-ақ сала басшыларымен халыққа ыңғайлы жағдай жасау бойынша ағымдағы мәселелерді шешу жолдарын талқылап, нақты тапсырмалар берді. Тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдап, ауыл активімен жүздесті.