
Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатырған 24-ші жазғы Сурдлимпиадалық ойындарда батысқазақстандық Дина Ержанова сурдо дзюдодан 52 келі салмақта қола жүлдеге ие болды!!!
Дина Аралбекқызы 2018 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубында спорт түрлерімен шұғылдануда. Осы аралықта ол сурдо-дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионы, Қазақстан Республикасының Кубогының иегері атанды. 2021 жылы Франция мемлекетінің Версаль қаласында өткен Әлем чемпионатына қатысушы. Дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Дина 2004 жылдың 12 наурызында Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында тұрады. Орал қаласындағы Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатын тәмамдаған. Бүгінде Орал қаласының Жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінде Дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімі мамандығының 1-курс студенті. Жаттықтырушылары - Хасанғалиев Теміржан Сұлтанұлы және Байенов Арман Шыңғалиұлы.
Құттықтаймыз!!!