1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі елімізде қоғамның бірлігін нығайтуға айрықша үлес қосатын айтулы күн.
Сан ұлттың дәм-тұзы тоғысқан Ұлы даланың кемел келешегі әр қазақстандықтың жауапкершілігіне тікелей байланысты. Әр тұрғынның қоғам алдындағы биік жауапкершілігі қандайда қиындықтарды еңсеруде ерекше ықпал етпек.
1 мамыр – ынтымағы тұрмысына ырыс болған бір¬тұтас еліміздің ортақ мей¬ра¬мы.Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Халқымыздың ішкі бірлігі мен өзара татулығы кез келген ортақ мүддені қорғаудағы ең негізгі құрал.Жаңа Қазақстан құру идеясын іске асыруда елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығы берік негіз бола алады.
Қазақстан халқының бірлігі күнінде әр шаңыраққа ортаймас бақыт, береке тілеймін. Қазақстан атты киелі шаңырағымызда берекеге бастаған татулық қана салтанат құрсын!