
Бүгін ауданда облыс әкімінің кезекті есеп беру кездесуі өтті.
Аудан бюджеті – 15,5 млрд, тг., оның ішінде салықтық қаражат – 3,5 млрд. теңгені құрайды.
Ауданның инфрақұрылымын жетілдіру, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру бағытында өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімінің қысқаша баяндамасынан кейін есеп беру кездесуі сұрақ-жауап форматына ойысты.
Айта кету керек, аудан тұрғындары облыс әкіміне сұрақтарын есеп беру кездесу барысында, YouTube арнасындағы ресми аккаунтта онлайн-трансляция арқылы қоюға мүмкіндік алды.
Кездесу аяқталған соң, облыс әкімі Ғали Есқалиев жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура және ішкі істер органдарының басшылық құрамымен, мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңестер мүшелерімен, жергілікті зиялылармен бірлесіп, азаматтарды жеке қабылдау өткізді.