
2022 жылдың басынан Бәйтерек ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның өткізілген 8 отырысында 3 отбасы, олардың ішінде 5 бала қаралды. Оның ішінде 3 көшпелі отырыс өткізілді. Отырыс барысында 7 қауылы қабылданып, комиссия мүшелеріне, мүдделі мемлекеттік органдарына қаралған мәселелер бойынша тапсырмалар берілді. 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес комиссия мүшелерінің 3 баяндама тыңдалған.
Ауданның білім беру, полиция бөлімдерінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бойынша, тұрмысы төмен отбасылар, аз қамтылған отбасылар, мектепішілік бақылауда және аудандық полиция бөлімінің бақылауында тұрған балалар бойынша есеп жүргізеді.
Комиссия шешімімен 3 отбасының барлығы да бақылауға алынды. Әрдайым бұл отбасыларға материалдық көмек көрсетіледі (киім-кешек, кеңсе тауарлары жағынан). Сонымен бірге құқықтық консультация беріледі. Жалпы аудан бойынша қолайсыз отбасылардан балалар әр түрлі үйірмелерге тартылады.
Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі 2022 жылдың 3 айында өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығына жалғыз ата-анасы немесе екеуі де спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын, соның салдарынан балаларға күтім мен қамқорлық жасамайтын тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан 4 бала жіберілді. Сот шешімімен ата-аналардың құқығынан шектелді -2 отбасы (олардың ішінде 2 бала).