
Мичурин “ мектеп- бөбекжай - балабақша” кешені.
2022 жылдың 15 наурыз күні мектебіміздің 11 сынып оқушыларына ауыл әкімшілігі мен Мичурин мектебі “Ашық есік “ күнін ұйымдастырды.
Ашық есік күнін ұйымдастырудағы мақсатымыз биылғы оқу жылындағы мектеп түлектеріне дұрыс мамандық таңдау мен қатар кәсіптік бағдар беру.
Оқушыларды Мичурин ауылдық округнің әкімі Максим Болатұлы мен бас маман Салтанат Орынбасарқызы жылы шыраймен қарсы алып, әкімшіліктегі мемлекеттік қызметкерлердің фронт - офистің қиында, қызық жұмыстарымен жан - жақты таныстырып, оқушылардың әр түрлі мамандыққа деген қызығушылықтарын оятты. Оқушылар ауыл әкімдігінің мамандарына сұрақтар қойып, талдау жасады.
2022 жылдың 14 наурызында Махамбет ауыл округінде орналасқан мемлекеттік әкімдігінде «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді. Махамбет МББ кешенінің 10 сыныптың жоғары оқушыларымен кәсіптік бағдар беру бойынша ауыл әкімі Амангалиев Б.С. түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес ұйымдастырылды.
2022 жылдың 17 наурызында Переметный жалпы орта білім беретін 11 сынып оқушылары сынып жетекшісі О.В.Разиченкомен «Ашық есік күні» шарасы аясында Переметный ауылдық округінің әкімдігінде болды. Оқушылар ауылдық округ әкімі Р.Ғ.Қадыровпен және бас маман Г.Х.Кораблевамен кездесті. Кездесу барысында әкім мен бас маман өз жұмыстары мен әкімдіктің қызметі туралы айтты. Оқушылар әңгімеге белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар алды. Достық қарым-қатынастық ортада өткен кездесу оқушылар көңілінен шықты.
Трекин ауылдық округіндегі «Ашық есік» күні